Әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік сатып алу үшін цифрлық теңгені қолдану ұсынылды

Халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, респонденттердің 60%-дан астамы цифрлық теңгені пайдалануға дайын. 

Әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік сатып алу үшін цифрлық теңгені қолдану ұсынылды Фото: informburo.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте ҚРҰБ Төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты. 

"Цифрлық Теңге" жобасы бойынша 2022 жылғы қазан айында цифрлық теңгенің технологиялық платформасын тестілеу сәтті өтті. Пилоттық жоба аясында нақты тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындар қаржы нарығына қатысушылардың қосымшаларын пайдалана отырып, цифрлық теңгемен 3 500-ден астам транзакцияны жүзеге асыра алды", – деді спикер. 

Халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, респонденттердің 60%-дан астамы цифрлық теңгені пайдалануға дайын.

"2022 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде жан-жақты зерттеу нәтижелері мен ұлттық цифрлық валютаны ендіру қажеттілігі туралы ұсынылатын қорытынды шешім берілген баяндама жарияланады. Оң шешім болған жағдайда 2023 жылдың 4 тоқсанында әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік сатып алу сценарийлері үшін цифрлық теңгені өнеркәсіптік қолдану ұсынылады", – деді Ғалымжан Пірматов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу