ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов 2021 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп жазды хабарлайды inbusiness.kz.
Есепті жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді. Әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге бағытталды, бұл республикалық бюджет шығыстарының 24%-ын құрады.
Жыл сайынғы индекстеу аясында 4 млн қазақстандықтың зейнетақы мен жәрдемақысы өскен.
"Азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылды, орта есеппен оның өсуі білім беру жүйесінде 19%-ды, денсаулық сақтау саласында – 20-30%-ды, әлеуметтік салада – 45%-ға дейін құрады. Бұдан басқа, жұмыс істейтін қазақстандықтар сақтандыру тәуекелдері басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды. 2021 жылы төлемдер көлемі шамамен 1,1 млн адам үшін 340 млрд теңгені құрады", – деді министр.
Құралай Құдайберген