Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 трлн теңге жұмсалады

1219

Үкімет Nur Otan партиясының мәжілістегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Жол картасының жобасын ұсынды. 

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 трлн теңге жұмсалады

Шара шеңберінде премьер-министр Асқар Мамин алдағы 5 жылда 977 мың отбасыға 103 млн шаршы метр үй салынатынын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Жол картасы 4 бағыттан, 362 іс-шарадан тұрады. Бірінші – "Баршаға тең мүмкіндік", екінші – "Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, үшінші –  "Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы", төртінші – "Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар", – деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің сөзінше, 5 жылда 977 мың отбасыға 103 млн шаршы метр үй салынады. 

"284 мың пәтер әлеуметтік тұрғын үй ретінде жеңілдікпен беріледі", – деді премьер министр. 

Асқар Маминнің айтуынша, 3 трлн теңгеден астам қаражат әлеуметтік төлемдерді индекстеуге жұмсалады. Әлеуметтік саланың мәселесін жүйелендіру мақсатында 2021 жылы "Әлеуметтік кодекс" әзірленіп, 2023 жылы қабылданады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу