Әлеуметтік төлемдерге 2,6 трлн теңге жұмсалған

687

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына" 2005 жылдан бастап 4 трлн-ға жуық ақша түсті. Бұлай деп "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Әлеуметтік төлемдерге 2,6 трлн теңге жұмсалған

"Әлеуметтік сақтандыру қорына 2005 жылдан бастап 4 трлн-ға жуық ақша түсті. Бұл жұмыс берушілердің ай сайынғы аударған әлеуметтік аударымдары. Біз бұл төлемдерді ай сайын тиісті әлеуметтік төлем алушыларға беріп отырмыз. Осы жылдың ішінде 2,6 трлн теңге әлеуметтік төлемдерге жұмсалған. Былтырғы жылдың көрсеткішін айтсам, 339 млрд төледік. Бірақ бізге түскен қаражат көлемі 353 млрд. 4 трлн мен 2,6 трлн арасындағы жинақталған қаражат активтерді құрайды. Бұл ұзақ мерзімді төлемдер болғандықтан, осы жинақталған қаражат олардың алдыңғы уақытта алатын әлеуметтік қаражаты. Біз бұл төлемдерді алдын ала ескеріп отырамыз", - деді спикер.

Нұрсұлу Кемел бұл әлеуметтік төлемді әлеуметтік тәуекелдердің келесі түрлері басталған кезде алуға болатыны атап өтті. Оған еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу кіреді. 

"Әлеуметтік сақтандыру жүйесі әлеуметтік аударымдар төлеу арқылы қаржыландырылады. Бұл әлеуметтік төлемдерді ай сайын жұмыс берушілер жұмысшының табысының 3,5 пайыз мөлшері түрінде тағайындайды", - деп түсіндірді Қордың Бас директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу