Әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге жұмсалды – министр

935

Ведомство басшысы жылды қорытындылады.

Әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге жұмсалды – министр

Биыл әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7%, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5% өскен.

"Биыл республикалық бюджеттен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік әлеуметтік топтама беруге 5 млн адамға 3,7 трлн теңге берілді. Биыл 11 айда әлеуметтік тәуекелдер басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,1 млн адамға 309 млрд теңге бөлінді", - деді Серік Шәпкенов.

Ол 11 айда 198,1 мың отбасы ( 988,8 мың адам) атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылғанын атап өтті.

"Еңбекке қабілеттілердің 75% жұмыспен қамтылды. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартылды. АӘК алатын отбасылардан шыққан 514,5 мың бала кепілдік берілген әлеуметтік топтамалармен қамтамасыз етілді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу