Әлеуметтік және экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр

900

Әлеуметтік және экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр

"Stаrtup "Bolashak" байқауы екі жылдан бері "Болашақ" қауымдастығы және "Даму" қорының қолдауымен іске асып келеді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Екі жыл бойы Алматы облысының жас кәсіпкерлері жеңімпаз деп танылған.  Облыс тұрғыны Назым Мұсабекова былтырғы байқауда жеңімпаз атанып, Алматы облысы, Ақсу ауданындағы кеуіп бара жатқан Үшкөлге жан бітіру жобасын ұсынған. Идея өте тиімді болған. Себебі жағдай осылай жалғаса берер болса Үшкөл жақын уақытта кеуіп, жойылып кетеді. Ал Назым ол көлде балық өсіріп, табыс тауып қана қоймай, көлдің екінші тынысын ашып, қоршаған ортаға пайдасын тигізбек. Яғни Назымның идеясы әлеуметтік және экологиялық пайдасы бар жоба. Ол өзен арнасын тазартып, мал шаруашылығына да ыңғайлы жағдай туғызып, ауданда жаңа жұмыс орнын  ашуды көздеп отыр. Жобаның өміршендігін бағалау үшін "Балық шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС мамандары шақыртылып, зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде көл суы балық өндіруге жарамды екені расталды.

"Байқау туралы мен "Даму" қорының КҚКО мамандарынан естідім. Қатысуға ниет білдіріп, мамандар тарапыннан толық кеңес алдым. Республика бойынша 2 752 қатысушының ішінде жүлделі бірінші орынға ие болдым. Байқаудың финалы реалити-шоу түрінде өтті", - дейді Назым.

Жеңіп алған 12 млн теңгенің 9 млн теңгесі мақсатты бағытта игерілуде. Құрылыс қарқыны кестеге сәйкес жүргізілуде, көлге су ағызылып, шабақтардың алғашқы легі суға жіберілді.

Жуырда кәсіпкер балықшыларға арналған демалыс орнын салып, балық өндейтін цех ашуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу