Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді

160

2027 жыл Халықтық ауқымды құрылыс жылы болып жарияланады.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді Фото: gov.kz

Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-премьер Мемлекет басшысының "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының" жобасын ұсынды.

Құжат 12 бағыт бойынша 96 іс-шарадан тұрады.

"Инфрақұрылымдық жаңғыру бағыты аясында "Халықтық құрылыс" даму жоспары бекітіледі. Сонымен қатар, 2027 жыл Халықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланады. Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Қалалық ортаны жаңартудың жүйелі негізі ретінде ірі қалаларды ұзақ мерзімді дамытуды ескере отырып, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу (урбанистика), сондай-ақ олардың цифрлық сыңарын жасау іске асырылады", – деді Серік Жұманғарин.

Жалпыұлттық жоспар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды қаржыландыру, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, елді мекендерді ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу