Әлеуметтік желі әлекке салды

1259

Ақтөбе тұрғыны "Facebookте" кісінің ар-намысына тигені үшін айыппұл арқалады.

Әлеуметтік желі әлекке салды

Ақтөбеде әлеуметтік желіде облыстық мәслихат депутататын балағаттаған адамға 100 мың теңге айыппұл салынды. Мұнымен қоса, ол адвокатқа 500 мың теңге төлеуі тиіс, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Даудың басы облыстағы ауыл шаруашылығы колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутататы Амангелді Есіркеповтің зейнетке шығуынан басталады. Бұл шараға байланысты өңірде бірқатар адамдар әлеуметтік парақшаларында құттықтап, пост жазып қалдырған. Соның ішінде, облыстық білім беру басқармасының Facebook желісіндегі жазбасының астына ер адам Есіркеповтің ар-намысына тиетін сөздер айтып, пікір жазып кетеді. Белгілі болғандай, ол бұрын осы колледжде оқытушы болып жұмыс істеген, кейін басшысы оны прокурордың шешімімен жұмыстан шығарып жіберген екен. Бұған ренжіген Амангелді Есіркепов бұрынғы қызметкерінің үстінен сотқа шағымданады. 

Тергеу барысында экс-ұстаз кінәсін мойындамаған, өзінің тіпті аккаунты тіркелмегенін де айтқан. Алайда оның шын мәнінде әлеуметтік желіде тіркелгені, жазбалар қалдырғаны, сондай-ақ психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысы бойынша кісіні қорлайын әдепсіз және қорлайтын сөздерді жазғаны анықталған. Сот шешімімен айыпталушы 50 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Бірақ кейін рақымшылыққа байланысты бұл жазадан құтылған. Қазіргі күні ол моральдық шығын ретінде 100 мың теңге және адвокаттың еңбегі үшін 500 мың теңге төлеуге тиіс.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу