Қызылорда қаласында әлеуметтік желі арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған 26 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды kazislam.kz.
Қала тұрғыны Қызылорда облысының ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының кешенді іс-шаралары нәтижесінде қамауға алынған.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2017 жылдың наурыз айында орын алған. Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды. Осы іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, айғақ зат ретінде аудиожазбалар алынып, бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, күдікті азамат 2017 жылғы 5 маусымда сот шешімімен ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде сотталды.