Әлеуметтік желі арқылы радикалды діни материалдарды таратқан үш адам сотталды

278

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Әлеуметтік желі арқылы радикалды діни материалдарды таратқан үш адам сотталды Фото: country-news.kz

2024 жылғы маусымда ҰҚК материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды.

3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.

11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұстаудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, а.ж. ақпанында ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу