Әлеуметтік желіде Ақтауда суды тоқтату туралы "МАЭК"ЖШС-нің құжаты пайда болды

528

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен құжатта қаланың жасыл желектерін суару үшін берілетін суды тоқтату туралы айтылады.

Әлеуметтік желіде Ақтауда суды тоқтату туралы "МАЭК"ЖШС-нің құжаты пайда болды Фото: лада.кз

Бұл құжат "Green City Aktau" ЖШС және "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшылығына жолданған болып шықты. 

"Халықты сумен қамтамасыз ету мақсатында "Каспий жылу, су арнасы" МКК-мен шарт жасасқан барлық контрагенттерге суару үшін су беруді тоқтатуыңызды сұраймыз", - делінген құжатта.

Бір анығы, соңғы уақытта шаһарда су жиі тоқтап қалады. Мәселен, бүгін қаланың барлық шағын ауданында таңертеңгі сағат 8 бен кешкі 20:00 аралығында ауыз су толықтай ақпай қалды.                                                                                                                                       

"Мәселе тек жазда туындайтын еді. Енді көктемнің ортасынан бастап су жоқ. Бұл жағдайдың жыл сайын нашарлап бара жатқанын көрсетеді. Билік бір шешімін табуы тиіс. Өйткені Ақтау көп қабатты үйлерден тұратын шаһар. Сусыз отыру қиын. Жасыл желектерді көп шығын шығарып егеді, бірақ жаздың ортасында қурап қалғанын көріп, жаның ашиды",- дейді Ақтау тұрғыны Гүлбахрам Адилова.                                                                                                                                    

Бұл жағдай туралы энергокомбинат пен қалалық әкімдік ешқандай ресми ақпарат таратпай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу