Әлеуметтік желіде алауыздықты қоздырғандар 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

118

Еліміздің Бас прокуратурасы осындай үндеу жасады.  

Әлеуметтік желіде алауыздықты қоздырғандар 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін Фото: freedomforum.org

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға жол берілмейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің көбейгенін мәлімдеп, мұндай әрекеттердің заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

"ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша алауыздықты қоздырғаны үшін 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Қазақстанда онлайн-платформаларда заңсыз контентті жариялауға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы негізінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бас прокуратура азаматтарды ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға және қоғамдық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдардан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ ведомство мұндай материалдардың авторлары ғана емес, оларды қасақана таратқан адамдар да заң алдында жауап беретінін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу