Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

469

Киберқылмыскерлер WhatsApp аккаунттарын бұзып, жәбірленушілердің барлық контактілерінен ақша аударуды сұрайды. 

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды Фото: polisia.kz

Алаяқтар зиянды бағдарламаны қолданып, аккаунттарды бұзады. Егер сіз оған сілтеме жасасаңыз, ол бағдарлама іске қосылады. Осыдан кейін, WhatsApp мессенджеріндегі адамның барлық контактілеріне үшінші тұлғалардың шоттары көрсетілген және әр түрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтін келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

"Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған орай, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және тағы басқа түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ, жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады", – деп түсіндірді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Егер сіз кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, “байланыстырылған құрылғыларға” өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу