Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

146

Бұл туралы ҰҚК Телеграм каналы жазды.

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды Фото: ҰҚК

Осы жылдың 28 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде. 

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп жазды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу