Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

2225

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды орталық коммуникациялар қызметі.

Ресми өкіл  брифинг барысында "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға сәйкес, интернет-ресурс БАҚ қатарына жататынын, ал онда жарияланған ақпарат БАҚ өнімі болатынын мәлімдеді.  "Кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста, соның ішінде әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат нақтылау талаптарына сай, заңды және жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек", - дейді А.Әйтей. 

Аталмыш заңдық талаптарға сәйкес, заңды және жеке тұлға, ұйымдарға немесе заңмен қорғалған қоғамдық мүдделерге қайшы болатын ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе ол екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Альбина Әтейдің айтуынша, ақпаратқа қатысты қалдырған пікірлер өзге тұлғаның ар-намысына тиетін жалған мәлімет болса 2000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу