"Әлеуметтік желідегі оңай табыс": ШҚО-да есірткі ораумен айналысқан 20 жастағы жігіт қолға түсті

252

Жас жігіт “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды таратты деген күдікпен ұсталды.  

"Әлеуметтік желідегі оңай табыс": ШҚО-да есірткі ораумен айналысқан 20 жастағы жігіт қолға түсті Фото: polisia.kz

Ер адам әлеуметтік желілерден жұмыс туралы хабарландыру тауып, ұсынысқа келіскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша ол есірткі заттарын ораумен айналысқан: куратордың нұсқауы бойынша тыйым салынған заттардың ірі партияларын алып, оларды өлшеп, орап, жасырын орындарға қалдыруға дайындаған.

Маусым айында ер адам Өскеменге барып, қылмыстық әрекетін жалғастырған. Еңбекақысын криптовалюта түрінде алып отырған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Оның сөмкесінен қоңыр түсті зат салынған екі орама табылды. Ал өзі тұрған пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері тағы бірнеше орама зат, зип-пакеттер, изолента және электронды таразы тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамынан жалпы салмағы 510 грамнан асатын α-PVP және мефедрон, сондай-ақ салмағы 520 грамнан асатын гашиш анықталды.

Заңсыз айналымнан барлығы 1 килограмнан астам есірткі және психотроптық зат тәркіленді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу