Әлеуметтік желіге тіркелу жасын шектеу: Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын білдірді

772

Құзырлы органдар бұл мәселені Құрылтай депутаттарымен бірге талқылауы тиіс.  

Әлеуметтік желіге тіркелу жасын шектеу: Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын білдірді Фото: Оқу ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салу нормасына қатысты пікір білдірді. Ведомство басшысы бұл нормалар әлі қабылданбағанын, заңнамалық өзгерістер ғана әзірленгенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін елімізде 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Оқу-ағарту министрлігі бұл бағытта заңнамалық өзгерістерді әзірлегені белгілі болды. Енді бұл мәселе Құрылтайдың алдағы отырыстарында қаралмақ.

"Оқу-ағарту министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, балалардың әлеуметтік желіде аккаунт ашуға байланысты бірқатар нормаларды әзірледі. Оның ішінде 16 жасқа толмаған балалардың енді әлеуметтік желіде аккаунт жүргізбеуіне де қатысты. Бүгінгі таңда үлкен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қазір көбінесе балалар тұтынатын контенттің құқықтық, моральдық тұрғыдан, олардың әл-ауқатына байланысты кері әсер ететіндігі айқындалып отыр.

Біріншіден, балалардың 16 жасқа дейін өз аккаунтары болмайды. Балалар әлеуметтік желідегі қысқа видеоларды қарап, олардың зейіні де өзгергенін көріп тұрмыз. Қазіргі таңда заңнамалық өзгерістерді әзірледік, Құрылтайдың отырыстарына енгіземіз. Бұл мәселені депутаттармен бірге талқылайтын боламыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, бұл нормалар әлі қабылданған жоқ.

"Біз үкіметтің қорытындысын әзірлеп, енгіздік. Бұл нормалар қалай енгізіледі, қандай механизмдермен қадағаланады деген сұрақтар бар", – деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу