Әлеуметтік желілерде қаржы алаяқтары көбейді

528

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры интернет-алаяқтардың көбейгенін ескертеді. 

Әлеуметтік желілерде қаржы алаяқтары көбейді Фото: inbusiness.kz

Қор интернетте өтемақы төлеу туралы күмәнді жарнамаларды елемеуге және жеке деректерді бөтен адамдарға жарияламауға шақырады.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша 10% көлемінде өтемақы (сыйақы) төлеу бағдарламасы аясында әлеуметтік желілерде қаржылық алаяқтардың белсенділігі артқан деп жазады inbusiness.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) дерегінше, соңғы уақытта шабуылдаушылар жеке пайдаланушы деректерін жинау үшін фишингтік хабарламалар мен сайттарды жиі пайдаланады. Сондай-ақ ҚДКБҚ атынан әлеуметтік желілерде депозиттер бойынша өтемақы алу үшін "тіркеуге" бір-ақ апта ғана қалғанын хабарлауда.

"Өтемақы алу үшін тіркелу қажет емес. Қазақстандық банктердің салымшылары 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 10 пайыздық өтемақы алуға келісім беру үшін банкке жүгінуге құқылы. Сіз мұны тікелей банктің өзінде немесе онлайн режимінде, төлемдер мен аударымдар үшін пайдаланатын банкіңіздің ресми мобильді қосымшасында жасай аласыз. Өтемақы төлеуге қатысты сұрақтар бойынша депозитіңіз бар банкке тікелей хабарласуға кеңес береміз. Азаматтарды ақпарат арналарын міндетті түрде тексеріп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - дейді Депозиттерге кепілдік беру қорының сарапшылары.

Қазақстандық банктер салымшылардан өтемақы (сыйлықақы) төлеуге келісім беру туралы өтініштерді қабылдауды жалғастыруда. Төлемдерді банктер 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін Ережеде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады. Қосымша ақпаратты әрқашан 1460 тегін қысқа нөмірі, www.kdif.kz сайтынан алуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу