Әлеуметтік желілерде мониторинг қалай жүргізіліп жатыр?

392

Жыл басынан бері түрлі бағыттағы 800-ден астам бұзушылықтар анықталған. 

Әлеуметтік желілерде мониторинг қалай жүргізіліп жатыр? Фото: selinc.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс кулуарында әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің министрлік құзыретті орган ретінде әлеуметтік желілерге тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Егер де контенттерде заң бұзушылық фактілер анықталса, оны құқық қорғау органдарына жібереміз. Одан кейін құқық қорғау органдары оның заңға сәйкестігі не сәйкессіздігін анықтайтын болады. Заң бұзушылық анықталған жағдайда әрі қарай іс қозғауға құқығы бар", - деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, биыл әр бағыттағы 800-ден астам бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде порнографиялық, есірткі тарату, ел ішіне іріткі салу, жалған ақпарат және т.б. бағыттағы материалдар бар.

Журналистер "Бұл тізімде бетін тұмшалағандар да бар ма?" деп нақтылады.

"Бұл мәселе әлі заңмен реттелмеген. Біз ол мәселені енді қарайтын боламыз. Депутаттар бұл мәселені сауал ретінде бізге жолдады, біз жан жақты оны зерделеп отырмыз. Бұл біріншіден ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп айтқаным бар", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу