– Қазір кез келген құқық қорғау органдарының істері немесе құжаттары әлеуметтік желілерге жарияланып, оған қатысты түрлі пікірлер айтылып жатады. Әрине, бұл – біздің назарымызға түсетін маңызды сигнал. Алайда, біз шешім қабылдау кезінде эмоцияға берілмей, тек нақты деректерге сүйенеміз. Біздің басты қағидамыз – заңның үстемдігі, – деді ол.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар заңға сәйкес, жарық көрген жағдайда, яғни сот немесе тергеу процесіне араласпаса және қысым белгілері болмаса, прокуратура бұл мәліметтерді назарға алады.
– Тек журналистер ғана емес, жалпы қоғам мен әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа күнделікті мониторинг жүргіземіз. Барлық ақпарат шешім қабылдау кезінде ескеріледі, бірақ шешімнің өзі тек заң аясында қабылданады, – деп түйіндеді Бас Прокурордың орынбасары.