Әлеуметтік желілердегі жарнамаға шектеу қойылмайды

1802

 Әлеуметтік желілердегі жарнамаға шектеу қойылмайды

Алкоголь және темекі өнімдерін жарнамалауға қойылатын шектеулер әлеуметтік желілерге таралмайды. Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, аталмыш өнімдер "Жарнама" туралы заңның 13 бабына сәйкес реттеледі. Алайда, бұл шектеулерге желі қолданушылары ілікпеген. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың және саяси үгіт-насихат мақсатындағы хабарландырулар да заң талабынан тыс қалған. Алайда, ғаламтор желісіндегі бейнефильмдер мен түрлі видеолардағы жасырын жарнамалар бақылауға алынады. Сонымен қатар, ел аумағында жарнама әзірлеп оны таратумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі де қадағаланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу