Әлеуметтік желілерде басы дауға қалғандар ректор бола алмайды

301

Қазақстанда ректорларға қатысты талаптар күшейтілді. 

Әлеуметтік желілерде басы дауға қалғандар ректор бола алмайды Фото: time.kz

Жаңа нормаға сәйкес, әлеуметтік желілерді басы дауға қалған, шет тілін жетік меңгермеген азаматтар ректор лауазымына тағайындалмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ең бастысы — ректорларға бір университетте екі мерзімнен артық отыруға тыйым салынады. Әр мерзімнің ұзақтығы — 3 жыл.

"Комиссияның отырысы нәтижесінде осы жылдан бастап, сәуір айынан бастап ректорлар бір оқу орнында екі мерзімнен артық отыра алмайды. Тиісті заңнамалық өзгерістерді еңгіздік. Бір мерзім — 3 жыл", — деді ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек.

Жалпы ректор лауазымына үміткерлерге талаптар күшейтілді.

"Енді ректорлыққа кемінде 10 жыл академиялық тәжірибесі бар, оның ішінде 5 жыл академиялық басқарушы лауазымдарда қызмет етуі керек. Міндетті түрде ғылыми дәрежесі болуы тиіс, ағылшын тілі деңгейіне қатысты талаптарды да күшейттік.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде басы дауға қалған, репутациясы түскен азаматтар тағайындалмайды. Бұрын мұндай норма болмайтын. Комиссиямен бұл талаптар бекітілді", — деді Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу