Әлеуметтік жобаның жеңімпаздары анықталды

1013

Бүгін елордада "3.2.1.Старт!" әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әлеуметтік жобаның жеңімпаздары анықталды

Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының бас менеджері Асыл Окапованың айтуынша, былтыр қазаннан осы жылдың басына дейін конкурсқа өтініштер қабылданған.

"Жобаға 18-35 жас аралығында қазақстандықтар қатысты. Олар өз жұмысында БҰҰ-ның 5 тұрақты даму мақсатын қамтуы керек, яғни жобалар су, білім беру, таза энергия, қоқысты қайта өңдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Осы уақытқа дейін 300-ден аса өтініш келіп түсті. Нәтижесінде, 40 жоба жартылай финалға өтті, комиссия ақтық сайысқа 10 жобаны іріктеп алды", – деді жобаның үйлестірушісі.

Сондай-ақ ол конкурстың жеңімпаздары арнайы грантқа ие болатынын жеткізді.

"Бүгін жеңімпаздарды анықтаймыз. Гранттың жалпы сомасы – 5 млн теңге. Жеңімпаздар бұл қаржыны өзара бөліп алады. Мысалы, былтыр бұл қаржыны 4 жеңімпаз бөліп алды", – деді Асыл Окапова.

Биыл комиссияның шешімімен төмендегі жобалар жеңіске жетті:

  • "Қаржылық сауаттылықты дамыту платформасы" – Жанарыс Тубекбаев, 1 млн теңге;
  • "Гидропоника әдісі арқылы қияр өсіру" – Жансүгір Серіков, 1,5 млн теңге;
  • "Экотөсеме өндірісі" – Сания Аринова, 1 млн теңге;
  • "Қазақ тіліндегі заманауи билердің онлайн курсы" – Аян Мухтасипов, 1,5 млн теңге.

Айта кетейік, "3.2.1.Старт!" жобасы 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін 15 жеңімпаз анықталған. Олар өз жобаларын дамыту үшін ақшалай қолдауға ие болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу