Альфа-банк және тағы үш ресейлік банк Еуроодақтың санкциясына ілігуі мүмкін

961

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 10-санкциялар пакеті аясында Альфа-Банкті қоса алғанда, төрт банкке шектеулер енгізуі мүмкін.  

Альфа-банк және тағы үш ресейлік банк Еуроодақтың санкциясына ілігуі мүмкін Фото: Ведомости

Бұл туралы Politico газеті дипломаттар мен шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Санкцияларға ұшырауы мүмкін басқа банктердің атаулары басылымда көрсетілмеген.

Әзірге ЕО мемлекеттерінің тұрақты өкілдері өз елдерінің билігіне Еуропалық комиссияның ұсыныстары туралы хабарлайды, ал сәрсенбіде олар санкциялардың жаңа пакеті талқыланады.

2022 жылдан бастап Еуропалық Одақ Ресейге қарсы барлығы тоғыз санкция пакетін енгізгенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу