"Альфа-Банктің" Қазақстандағы ұйымы "Банк ЦентрКредитке" қосылды

962

Eco Center Bank АҚ "Банк ЦентрКредит" АҚ-ға қосылды. Мұндай шешімді екі компанияның акционерлері 3 тамызда қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Альфа-Банктің" Қазақстандағы ұйымы "Банк ЦентрКредитке" қосылды

Айта кетейік, ресейлік "Альфа-Банктің" Қазақстандағы бөлімі мамырда Eco Center Bank денен жаңа атау алған болатын. Ресейлік банк санкцияға ілінгенде, оның Қазақстандағы еншілес ұйымы атауын өзгертумен ғана шектелмей, басқа компанияға қосылатынын да жариялаған. 

Елдегі банктер арасында активтер мөлшері бойынша "Банк ЦентрКредит" – жетінші, Eco Center Bank 11-орында. Бұл – Ұлттық Банктің 1 маусымдағы дерегі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу