Бұрынғы "Алға химия зауытының" қауіпті қалдықтары жойылады

1397

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин үкімет отырысында баяндама жасап, аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту мәселесіне тоқталды.

Бұрынғы "Алға химия зауытының" қауіпті қалдықтары жойылады

"Бұрынғы Алға химия зауытының қауіпті қалдықтарын жою, Жем өзенінің арнасын тазарту, Ойыл өзенін сауықтыру және басқа да экология саласында халық үшін маңызды жобаларды іске асыру көзделіп отыр", – деді Оразалин.

Айта кетейік, бүгін, 25 қаңтарда үкіметте Батыс облыстарды дамытудың кешенді жоспары таныстырылды. 

Ақтөбе облысын дамытуға 2022-2025 жылдарға арналып жаңа жоспар әзірленген. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет – 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,2 трлн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу