Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

93

Зардап шеккен адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді Фото: ДСМ

Жетісай ауданына қарасты Алғабастағы өрт кезінде зардап шеккен ер адам ТЖМ тікұшағымен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды. "Қазавиақұтқару" авиациялық қызметінің борт нөмірі EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді, – деп жазылған Түркістан облыстық ТЖД-ның 2025 жылғы 19 қарашадағы хабарламасында.

Экипаж мәліметінше, тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу