Алғаш рет кеден қоймасында дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүргізілді

553

Барлығы 15 мыңнан астам дәрілік зат қаптамасы таңбаланды.  

Алғаш рет кеден қоймасында дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүргізілді Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында бірінші рет кеден қоймасының аумағында дәрі-дәрмектерге цифрлық таңбалау жүргізілді. 

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде 90 атаудан тұратын таңбаланатын дәрілік заттың тізбесі бекітілді. Цифрлық таңбалаудың мақсаты – көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою. Бұдан бөлек жүйе тұтынушыларға сатып алынған дәрі-дәрмектің ДСМ-мен белгіленген шекті рұқсат етілген бағаға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. 

Цифрлық таңбалау және қадағалау тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бүкіл әлемде қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу