Алғаш рет миллиардер әйел 100 миллиард доллар жинады

342

Ол L’Oréal компаниясының негізін қалаушысы Франсуа Бетанкур Майерстің немересі болып шықты. 

Алғаш рет миллиардер әйел 100 миллиард доллар жинады Фото: inbusiness.kz

70 жастағы Майерс және оның отбасы компанияның шамамен 35% үлесіне ие. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Ал оның ұлдары — Виктор-Жан және Николас — компания басшыларының қатарына кіреді (біріншісі — орнықтылық және тұрақтылық комитетінің мүшесі, екіншісі – аудит комитетінің мүшесі).

Басылымның мәліметінше, кәсіпкер әйелдің жағдайына L’Oréal акцияларының рекордтық деңгейге дейін өсуі әсер етті. Сондай-ақ, бұл көрсеткіштер 1998 жылдан бері ең жақсы көрсеткіш болып есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу