Онлайн жәрмеңкеде қандай жұмыс орындарына сұраныс көп болды

553

Жастарға арналған алғашқы ұлттық жалпыреспубликалық онлайн еңбек жәрмеңкесіне 1,4 мыңнан астам адам қатысты. Жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналасуға ниет білдірген азаматтардың саны 4 мыңнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн жәрмеңкеде қандай жұмыс орындарына сұраныс көп болды

27-29 маусым аралығында өткен жәрмеңкеге қазақстандық 23 ірі жұмыс беруші қатысып, enbek.kz порталына 50-ден астам мамандық бойынша 1 320 бос жұмыс орнын ұсынған, олардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға жатады.

"Қандай да бір арнайы орта білімі бар жұмыс іздеушілерге ұсынылған жұмыс орындарының жартысынан көбіне орналасуға (782) мүмкіндік берілді. Ал 386 бос жұмыс орнына тек жоғары білімі бар мамандар үміткер болды. Сонымен қатар жұмыс берушілер мектеп білімін ғана қажет ететін 162 бос жұмыс орнын ұсынды", – дейді ведомстводан.

Жұмыс іздеушілер арасында "кадрлық әкімшілік маманы", "техник-технолог (тағылымгер)", "кеңсе менеджері", "технологиялық процесті бақылау жөніндегі зертханашы" және т.б. бос жұмыс орындары сұранысқа ие болған.

"Үш күн ішінде ұйымдардың HR менеджерлері Youtube порталындағы тікелей эфирде өз компанияларын таныстырып, жұмыс шарттары, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және басқалары туралы айтты. Сондай-ақ жұмыс іздеушілермен 110 онлайн-әңгімелесу өтті", – деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілді. Алдағы уақытта халықтың түрлі топтары үшін онлайн еңбек жәрмеңкесін ай сайын өткізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу