Алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар үшін жергілікті атқару органдарынан өңірлік гранттар берілді

618

Биыл үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар санының, бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен гранттық қаржыландыру көлемінің 2 есеге артуы байқалып отыр. 

Алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар үшін жергілікті атқару органдарынан өңірлік гранттар берілді Фото: ortcom.kz

Биыл 10 мемлекеттік және жеке тапсырыс берушілерден 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 102 грант іске асырылды. Бұдан бөлек 16 конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдарының қамтылуы 1,5 есеге артып, 461 ұйымнан 685 өтінім келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ қоғам төрағасы Ғалым Құрман мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Гранттық жобалар 14 әлеуметтік бағыт бойынша жүзеге асырылды. Грант алу конкурсына 13 өңірден 83 үкіметтік емес ұйым өкілі қатысты. Уәкілетті орган 1 млн теңгеге дейінгі сомаға 634 шағын грант алды. Оның ішінде Zhas Project жобасы бойынша 252 шағын грант бар", - деді Ғалым Құрман.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 343 млн теңгеге еңбекақы төлеу қорымен 500-ден аса жұмыс орны, 660-тан аса әлеуметтік қызметтер орталығы құрылған. Сондай-ақ халықтың түрлі топтары үшін 500-ден аса оқыту іс-шарасы өткізіліп, 32 мыңнан астам бенефициар нақты көмек алған көрінеді.

"Биыл алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар үшін жергілікті атқару органы есебінен өңірлік гранттар тағайындалды. Маңғыстау, Қарағанды, Атырау, Қостанай облыстарында 8 жергілікті атқару органы есебінен 222,3 млн теңгеге 27 грант берілді", - деп қорытындылады спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу