Алғашқы "Алматы-Ташкент" жүрдек пойызы Өзбекстанға жетті

706

Алғашқы "Алматы-Ташкент" жүрдек пойызы Өзбекстанға жетті

22 наурыз күні №1/2 алғашқы "Алматы-Ташкент" халықаралық жүрдек пойызы Өзбекстанға жетті, "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

Халықаралық пойыздың келу салтанатына екі елдің теміржол саласының, Қазақстан мен Өзбекстан елшіліктерінің, Қазақстан диаспорасының өкілдері қатысты.

Өзбекстан теміржолы компаниясының өкілдері Алматы-Ташкент халықаралық бағдарының болашағы зор екенін айтты.

"Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы – 400 орынды замануи пойыз. Ол Алматы мен Ташкенттің ірі туристік орталықтарын байланыстырады. Ташкенттен Алматыға келушілер көп. Біздің азаматтар Қазақстан мегаполисінің тау шатқалдарындағы курорттық өңірлерді көрсетуге мүдделі. Қазақстан туристері Өзбекстанның Самарқан, Бұқара, Хиуа қалаларын көргісі келеді", – дейді "Өзбекстан теміржол жолаушылар тасымалы" АҚ бөлім бастығы Б. Егембердиев.

Пойыз аптасына екі рет қатынайды. Болашақта сұраныс көбейетін секілді. Айта кетейік, бұл пойыздың жолаушыларына шекаралық бекеттердегі тексеруден өтуде жеңілдіктер қарастырылған. Ол небәрі 1,5 сағат қана уақытты алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу