Алғашқы 5 ел ЭКСПО-2017 павильондарын қабылдап алды

1116

Алғашқы 5 ел ЭКСПО-2017 павильондарын қабылдап алды

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылары алғашқы бес ел: Мажарстан, Германия, Қытай, Түркия және Францияға көрме павильондарын тапсырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Мажарстан павильонының ауданы 411,9 шаршы метрді құрайды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, павильонның "Болашақтың энергиясы баршамызды біріктіреді" атты тақырыбы елдің географиялық, экономикалық ерекшеліктері мен қолжетімді энергия көздеріне негізделген. Павильон су, күн және жел елі болып табылатын Мажарстанның сипатын атап өтіп, электр және қалалық жоспарлау саласындағы ең жаңа қондырғыларды көрсетеді. Сондай-ақ, көрме аясында 2017 жылғы 20 тамыз Мажарстанның ұлттық күні болып белгіленді. Комиссар болып Нандор Картези тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу