Алғашқы АЭС құрылысына жергілікті компаниялар да қатысады

124

Жобалық-сметалық құжаттар әлі дайын емес.  

Алғашқы АЭС құрылысына жергілікті компаниялар да қатысады Фото: The Global energy assosation

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына барынша отандық компаниялар тартылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірақ әлі нақты цифрларды айту мүмкін емес. Өйткені жобалық-сметалық құжаттар дайын емес. Олар дайын болғаннан кейін нақты цифрлар пайда болады. Сонда айта аламыз. Бірақ ең басты қағидат – қазақстандық компанияларды тарту", – деді Олжас Бектенов.

Оның бірінші орынбасары Роман Склярдың сөзінше, жобалық-сметалық құжаттама желтоқсан айына қарай дайын болады.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстандағы ең алғашқы АЭС-ті кім салатыны белгілі болғанын жазғанбыз. Росатом Қазақстандағы АЭС-тің құрылысына ғана жауапты. Жоба коммерциялық сипатқа ие.  Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасына қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу