Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың және жеке тұлғаның барлық шетелдік активтерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін көрсететін "кіріс" декларациясын тапсыруымен байланысты", – деді спикер.
Олар мынадай:
- бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т.б.);
- үлестік қатысу шарты (тұрғын үйдегі үлес);
- инвестициялық алтын (құйма алтын);
- зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
- 34,5 млн теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша;
- 31.12.2023 жылға дейін нотариалды куәландырылған басқа тұлғалармен несие шарттары.
- құны 3,4 млн теңгеден асатын басқа мүлік (міндетті емес), (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б.) – бағалау декларацияны тапсырғанға дейін жүргізілуі тиіс (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша);
- шетелдік компанияға қатысу үлесі;
- шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
- шетел банкісіндегі 7,3 мың АҚШ долларынан (1000 АЕК) жоғары ақша.