Литваның Вильнюс қаласындағы дәмханалардың бірінде ақыны криптовалютамен төлеуге мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды naryk.kz.
Бұдан былай Вильнюс қонақтары криптовалютамен төлем жасай алады. Терминал криптовалютаның барлық түрін (bitcoin, eth, dash, xem, steem, golos) қабылдай береді. Бұл CopPay төлем жүйесі арқылы мүмкін болып отыр.
Тұтынушы қызмет пен тағам ақысын криптовалютамен төлегенімен, дәмхана оны кәдімгі ақша түрінде қабылдайды. Төлем дәмхананың шотына аударылады.
"Біздің мақсатымыз барлық төлемді криптовалютамен жасауға мүмкіндік беретін әлем құру", - дейді жоба тобы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу