Алғашқы күні ҰБТ-ға 6186 тестіленуші қатысты

1578

39 түлек 130-дан жоғары балл жинады.

Алғашқы күні ҰБТ-ға 6186 тестіленуші қатысты

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова биылғы жылғы ҰБТ-ның бірінші күнін қорытындылады.

"21 маусым күні ҰБТ еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің елу бірінде өткізілді. Тестілеудің алғашқы күні 6512 талапкер қатысуы керек еді, бірақ 6186 тестіленуші келді. Яғни бұл қатысушылардың 95%-ы. Биылғы ерекшеліктердің бірі – тыйым салынған зат табылған талапкерді тестілеуге жібермеу. Республика бойынша 73 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 тестіленуші ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Яғни тәртіп бұзғандар саны – 164. Олардың нәтижелері жойылып, биыл тестілеуге қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш жалпы алғанда 24 болған еді", – деп айтып өтті Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары.

ҰБТ алғашқы күнінің қорытындысы бойынша 4222 түлек шекті балл жинаған.

"Бұл тестілеуге қатысушылардың барлығының 68,3%-ы. Жалпы 39 түлек 130-дан жоғары балл жинады. Ал шекті балды жинай алмағандар 1964 тестіленуші, яғни 31,7%. Қазір апелляцияға өтініштер қабылданып жатыр. Апелляцияның нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы нәтижелері тамыз айында белгілі болады. Өйткені Ұлттық тестілеу орталығы 25 тамызға дейін тестілеу орталықтарынан алынған бейнежазбаларды тексереді", – деді Наужан Дидарбекова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу