2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алғашқы медаль: Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

1413

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы медаль: Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос "ваззари" ұпайын иеленді. 

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр. 

Токио ойындарында Елдос Сметов алдымен Түркия, кейін Оңтүстік Корея балуанын жеңді. Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді. 

Қола медаль үшін өткен кездесуде Елдос бар күшін салып, Қазақстан қоржынына Токио ойындарындағы алғашқы жүлдені салды. 

Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу