Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференцияға 120 елден 800 қонақ келеді

3865

Сондай-ақ, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев және шет елдердің басшылары қатысады деп күтілуде

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференцияға 120 елден 800 қонақ келеді

25-26 қазанда Астанада Тәуелсіздік сарайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) бойынша жаһандық конференция өтеді. Конференцияға ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев және шет елдердің басшылары қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конференцияға 1,2 мыңға жуық адам қатысады, оның ішінде 120 елден 800 шетелдік қонақ келеді.

"Өткен жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында Қазақстан делегациясы атынан денсаулық сақтау министрлігі осы жылы ЮНИСЕФ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференцияны Астанада өткізу туралы бастама білдірген болатын. Аталмыш бастама осы ұйымның басшылығы тарапынан қолдау тауып, бүгінде біз былайша айтқанда, конференцияға дайындықтың соңғы кезеңінде тұрмыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-де.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі конференция барысында алдағы уақытта АМСК дамыту бойынша жаңа астаналық декларацияны қабылдауды ұсынып жатқанын айта кетті.

"Қазақстандықтар үшін Астаналық декларация – негізгі міндеттерді анықтаудың ұзақ мерзімді кезеңіне мүмкіндік алу. Ол біздің азаматтарымызға жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуына бағытталады. Үкімет мен серіктестердің негізгі мақсаты бірдей. Осыдан 40 жыл бұрын қазақстандық декларацияда айтылған медициналық қызметтің қолжетімді болу мәселесі көптеген елдер үшін әлі де өзекті. Оның ішінде Қазақстанның өзі үшін де бұл мәселе пісіп-жетіліп, "урабнизацияның ең маңызды факторын" шешуді талап етеді", - деді министр сөзін түйіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу