Алғашқы отандық ИВЛ аппараттары Мақтааралға жеткізілді

1116

Тыныс алу аппараттары аудандық "Мырзакент" ауруханасы мен "Атакент" ауруханасына табысталды. 

Алғашқы отандық ИВЛ аппараттары Мақтааралға жеткізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Инжиниринг" АҚ-ы жасаған 10 ИВЛ аппараты ең бірінші Түркістан облысы Мақтаарал ауданына жеткізілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2000-ға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге "Азала груп" компаниясы атсалысқан. Аудан орталығындағы "Мырзакент" мақта зауыты мен Шымкент қаласындағы "Азала текстиль" фабрикасына иелік ететін компанияның басқарушы директоры Берік Қыдыралиев жасанды тыныс алу аппараттарын аудандық "Мырзакент" ауруханасы мен "Атакент" ауруханасына табыстады.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов аппараттарды жеткізуге атсалысқан барша азамттарға алғысын білдіріп, ауданда осындай жасанды тыныс алу аппараттарының санының өсуіне және дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуына байланысты пневмониямен ауыратындардың саны азайып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу