Алғашқы жартыжылдықта салық түсімдері бойынша жоспар 106,4% орындалды

698

7 150,1 млрд теңге түсті. 

Алғашқы жартыжылдықта салық түсімдері бойынша жоспар 106,4% орындалды

2022 жылғы 6 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,4% орындалды. Жоспар бойынша 6 718,0 млрд теңге, 432,2 млрд теңгеге асыра орындаумен 7 150,1 млрд теңге түсті. Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 281,0 млрд теңгеге өсім байқалады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Оның ішінде:

– Республикалық бюджет 100,8% орындалды (жоспар бойынша 4 762,9 млрд теңге, 37,6 млрд теңгеге асыра орындаумен 4 800,5 млрд теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 722,5 млрд теңгеге өсті.

– Жергілікті бюджет 120,2% орындалды (жоспар бойынша 1 955,1 млрд теңге, 394,6 млрд. теңгеге асыра орындаумен 2 349,7 млрд теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,2% немесе 558,4 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 676,4 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 408,4 млрд теңгеге  немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 325,7 млрд теңгеге немесе 1,7 есе, үшінші елдерден импортқа ҚҚС 150,5 млрд теңгеге немесе  40,8%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 79,4 млрд теңгеге немесе 19,5%-ға және пайдалы қазбалар өндірісіне салық 70,9 млрд теңгеге немесе 35,1%-ға өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылы 6 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,9%, алюминийге 36,9%, мырышқа 35,4%, қорғасынға 9,4%, мысқа 7,3% және алтын 3,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 52,9%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 6 айында – 56,7$, 2022 жылғы 6 айында 1 тонна үшін – 86,7$).

Биылғы жылғы 6 айда үшінші елдермен тауар айналымы 51,6%-ға өсті (экспорт 65,4%-ға, импорт 20,8%-ға өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 6 айда өткізу бойынша айналым 18,4%-ға ұлғайды (51 627 млрд теңгеден 61 140 млрд теңгеге дейін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу