Алғыс айту күні мегаполистің бірнеше жерінде тегін бауырсақ пен құрт таратылды. Биыл ұйымдастырушылар қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір миллион бауырсақ пісірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Дәмі тіл үйіретін бауырсақтарды әйелдер қауымы түнімен пісірген. Ал таңертең ұйымдастырушылар арнайы ат арбамен бауырсақ пен құртты қала бойынша таратып шықты.
Шымкенттіктер Алғыс айту және көктемнің алғашқы күнін осындай мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.
"Мен бауырсақ таратылатынын білмедім. Аз да болса, көп көрдік. Бұл тұрғындарға деген құрмет пен ризашылықтың бір бөлігі сияқты. Рахмет, өте ұнады", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Милана.
"Көп рахмет, өте керемет және қуантарлық жайт. Құрт өте дәмді, бауырсақтар да керемет. Баршаңызға рахмет", - дейді шымкенттіктер.