Алғыс айту күнінде ақтөбелік жомарт жандар марапатталды

896

Олар туған жерлерін көркейтуге айтарлықтай үлес қосып келеді. 

Алғыс айту күнінде ақтөбелік жомарт жандар марапатталды Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Солардың бірі - Хамит Өтеуұлы. Ырғыз ауданында тұратын меценат туған ауылының әлеуметтік-мәдени салаларын дамытуға айрықша үлес қосып жүр. Оның демеушілігімен Құмтоғай елді мекенінде медициналық пункт, саябақ және ауылдың кіреберісіне арка салынған.

"Ауылымның түтіні түзу шыққанын, туған жерімнің көркейгенін қалаймын. Жасым болса бірталайға келіп қалды, шамалы болса да ауылдың гүлденіп, көркеюіне қызмет еткім келеді. Реті келсе, қайырымдылық шараларына да атсалысамыз. Жасап жатқан істерімізді көрген жұрт алғыс айтып жатады. Осы ретте ауылдастарыма, бірге жұмыс жасайтын ұжымыма мен де алғыс айтамын. Бәрінің отбасына амандық тілеймін.", - деді мал шаруашылығын өркендетіп отырған кәсіпкер.

Ахметжан Күзембаев Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылында көпір салуға каржылай қолдау көрсеткен. Құрылыс нысанына 170 млн теңге жұмсалған. Кәсіпкерге өңір басшылығы атынан арнайы марапат табысталды. Бүгінгі мерекелік кеште Бауыржан Алғазин, Жасталап Жанбауов, Мәдениет Қуатбаев, Алтынбек Мұстафин, "Құрмет" орденінің иегері Қалиолла Сағандықов және Жанбатыр Сəрсеновтер де облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Жиналғандар өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ, үлкен экраннан өзге ұлт өкілдерінің, Ақтөбеден шыққан танымал тұлғалардың бейне құттықтаулары көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу