"Алғысты соттан кейін айтасыз": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың анасына шүйлікті

248

Амангелді Альмира Нұрлыбекованың сөзінен кейін оның өзін "жоғары санайтынын" айтты. 

"Алғысты соттан кейін айтасыз": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың анасына шүйлікті Фото: zhogargy_sot

Бүгін соттағы жарыссөз кезінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевтың анасы мен оның қоғамдық қорғаушысы Альмира Нұрлыбековаға қаратып сөз сөйледі. 

"Егер Бишімбаевтың анасы өзін және бүкіл отбасын сарапшылардан және басқалардан жоғары деп санаса, сол кеште Салтанат мас болды ма, жоқ па олар жақсы білуі керек қой. Ол өзін заңнан, сарапшыдан және басқалардан жоғары санайды. Оның осы  уақытқа дейін Салтанатты қаралап келгені мені таң қалдырады, сонымен қоймай бізге алғыс білдіреді. Алғыс айтудың қажеті жоқ. Алғысты соттан кейін айтасыз", – деді Амангелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу