Суперорта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
BoxRec.com порталының мәліметінше, Ахмедов 14 желтоқсан Американың Коста-Месе қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Ал қарсылас әзірге белгісіз.
Ахмедов кейінгі рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, Лас-Вегастағы бокс кешінде америкалық Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын және бос болған IBF NA мен WBC Silver белбеулерін иеленген.
Айта кетейік, қыркүйек айында WBC рейтингінде жетінші тұрған Ахмедов жаңартылған тізімде алғашқы ондықтан шығып қалды. Ал бұған дейін Ахмедовты Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингтегі топ-15 тізімнен шығарып тастаған еді. Бұл қазақстандық боксшының рингке ұзақ шықпай қойғанының "жазасы" болса керек.