Түркістан облысында 100 жастағы әже TikTok желісінде видео түсіріп жүр

307

Қарияның әр күні минутқа дейін белгіленген екен.

Түркістан облысында 100 жастағы әже TikTok желісінде видео түсіріп жүр Фото: Бейнежазбадан

Ақ жаулықты әже Тахира Құрманованың желідегі видеолары миллиондаған қаралым жинаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Otyrar арнасына сілтеме жасап.

Қария таңертең келіндеріне тапсырма беріп, сосын немерелерімен TikTok желісіне видео түсіреді. Ал кешке балаларына шұлық тоқиды. Сондай-ақ, әже жаңа ұрпақ тәрбиесін бәрінен де жоғары қояды.

100 жастағы қария Тахира Құрманова қозғалыста болып, өмірді сүю ең басты дүние деп санайды.

"Өз отбасым үшін ризамын. Ең бастысы өмірден ләззат алу, мейірімді болу және дұрыс тамақтану. Әрқашан жаңа нәрселерге ашықпын. Немерелерім маған әлеуметтік желілерді басқаруды үйретті. Бұл өте қызықты", – деді Тахира Құрманова.

Ғасыр жасаған әженің 53 немере, 80-ге жуық шөбересі бар. TikTok жұлдызы үйіндегілерді жүзінен таниды. Себебі есімдері қиынырақ дейді.

Тахира Құрманова 1925 жылы дүниеге келген. Тігінші, сатушы жұмыстарын істеген. Зейнеткерлікке шыққан соң өзін отбасына арнауды шешкен.

"Әрқашан мейірімді бол, ашуланба! Отбасы – бұл өмірдің бөлшегі. Менің тамаша балаларым, немерелерім, шөберелерім бар. Олар әрдайым жанымда болып, мені қолдайды. Алда әлі көп жоспарларым бар! Сіздерге де соны тілеймін", – деді әже.

Тахира Құрманова үшін отбасы – оның күші мен шабыты. Ол барлық жақындарына үлгі. 100 жасында ол шөберелерінің тойларына қатысып, олардың балаларына күтім жасауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу