Әли Оқапов анасы туралы кино түсіруге қолдау таппай жүр

5495

Ол анасына жасалған қастандық, тағдырындағы қилы кезеңдер, шарықтау мен шыңырауға құлау сәттерін киноға айналдырғысы келеді.  

Әли Оқапов анасы туралы кино түсіруге қолдау таппай жүр Фото: инстаграм парақша: aliokapov

Әли Оқапов анасы үш жылдан бері анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіремін деп жүр. Әнші көпшіліктің қарсы шығып, қолдау таппай жүргенін жасырмады.

"Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол "Роза" атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болып, бірақ ұсынып жүрмін", - деді Әли Оқапов Revunews бағдарламасында.

Әнші өз дегенінен қайтпай, фильмді түсіруді мақсат етіп жүр.

"Осы киноға қарсы шыққан жандар көп. Майталмандар да бар олардың арасында. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын. Екі рет анамыз өле жаздаған. Оны көбісі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамдары бар, жағымсыз кейіпкерлері де бар, оның барлығы өмірден алынған", - деді Әли Оқапов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу