"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартпақ

4202

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тиісті бейнеүндеу жолдады.

"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартпақ Фото: Instagram/aliokapov

Жуырда "Құрмет" медалін алған Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартатынын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Құрметті достар, әріптестер, осы бейнежазбаны көріп отырғандардың барлығы. Соңғы жағдайларға байланысты бұл мәселеге көп көңіл бөлінетінін күпеген едім. Алайда ештеңе байқамағандай кейіп таныту немесе бәрібір сияқты жүре беру дұрыс емес. Сол себепті осы бейнежазба арқылы телеканалдардың, радиостанциялардың, қоғамдық ұйымдардың және жеке жобалардың барлық музыкалық сыйлығынан бас тарту туралы шешім қабылдағанымды жеткізгім келеді. Жалпы айтқанда, 32 жыл ғұмырымда қатысқан барлық музыкалық жүлделерден. Осыны көптен бері жасағым келіп жүрген. Себебі балама балалар бөлмесі қажет. Ал кабинеттің сөрелерінде тұрған темір жүлделер ол үшін өте қауіпті. Енді осыны істеу үшін жақсы себеп табылды", - деді әнші. 

Одан кейін Әли Оқапов мемлекеттік наградаларға жеке тоқталды. 

"Мемлекеттік наградаларға келсек, оарда ҚР Мемлекеттік рәміздері болғандықтан, бұл жерде жағдай басқаша. Мен заңды зерттеп, қайтару нормативтері туралы іздендім. Алайда ештеңе де таппадым. Мұндай норма жоқ. Меніңше, бұлай ешкім жасамаған. Сол себептен бұл наградалар уәкілетті органның шешімін күтеді. Шешім қандай болса, мен де солай істеймін. Яғни, қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын", - деп жалғастырды ол.

Әли Оқапов Мәдениет және ақпарат министрлігіне үлкен алғысын білдірді.

"Бастама білдіргендерге де рақмет. Мен олардың қатарында болмадым. Мен ештеңе сұрамадым, білген де жоқпын. Маған ертең кездесуде болуым керектігі жөнінде түнде айтылды. Ал сол жерге барғаннан кейін мені не күтіп тұрғанын толық түсінбедім", - деді әртіс.

Отандық әнші бейнеүндеуінің негізгі мақсатын түсіндіре келе, "әртіс үшін ең үлкен марапат халықтың ыстық ықыласы мен қошеметі" екенін жеткізді.

"Мен бақытты адаммын. Отбасым, музыкам, тыңдаушым бар. Ең маңызды сыйлығым мен атағымды биыл 17 ақпанда әкем атанған кезде алдым. Бұл атаққа лайық боламын деп үміттенемін. Жалпы, егер де мен біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын, олай болғанын қалаған жоқпын. Мені жақтап жатқандарға алғысым шексіз. Шынымды айтсам, жаһандық деңгейде қорқынышты ештеңе де болмады. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ. Тарихтың бұл парағынан өтіп, шынымен де маңызды сұрақтар мен мәселелерге назар аудара аламыз. Мен жаспын, бәрі алда деп үміттенемін. Бәлкім осы рөлге сәйкес келмейтін шығармын, бұл да қалыпты жағдай. Сондықтан Тасқын Оқаповтың, Роза Рымбаеваның ұлы әрі қарапайым поп-орындаушы ретінде кешірім сұраймын. Баршаңызды құшақтадым, алғысымды білдіремін", - деп түйіндеді қазақстандық әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу