Алматыда өткен "Қызық премия" шарасында жас әнші Әли Оқапов "Камбэк-2023" аталымы бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Тележүргізушілер марапатты табыстау барысында "Құрмет" орденімен болған жанжалды еске алып, "Бірақ бұл марапат қайтарылмасын" деп әзілдеді.
Дегенмен, әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында аталған марапатқа қуанышты екенін айтып, көрермендерге алғысын білдірді.
"Қызықты марапат! Рахмет! Мұндай қолдау маған өте жақын... Жаңа әнімді ұсындым, қошеметке ие болдым. Қуаныштымын", - деп жазды Әли Оқапов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу