"Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын": Олимпиаданың қола жүлдегері ешқандай сый-құрмет көрсетілмегенін айтты

3734

Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. 

"Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын": Олимпиаданың қола жүлдегері ешқандай сый-құрмет көрсетілмегенін айтты Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөленбегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысана көздеу спортынан Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтбаев жүлдесі үшін сыйлық алмағанын, елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын айтты.

“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын", - деді спортшы.

Айта кетейік, Ислам Сатпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу